Мектебімізде 26-ақпан күні халықаралық PISA зерттеуіне түсуге үміткер оқушылардың ата-аналармен онлайн және оқушылармен офлайн форматында кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп директоры Л.Ю. Юшина Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасында берілген міндеттерді жүзеге асыру және PISA тестінің нәтижесі бойынша мектепте білім беру сапасын бағалау (ЭЫДҰ есебін) (математика бойынша, орташа балл: 2021 ж. – 423, 2022 ж. – 430, 2023 ж. – 430, 2024 ж. – 430, 2025 ж. – 480 б., оқу бойынша, орташа балл: 2021 ж. – 387, 2022 ж. – 392, 2023 ж. – 392, 2024 ж. – 392, 2025 ж. – 450 б., жаратылыстану бойынша, орташа балл: 2021 ж. – 397, 2022 ж. – 402, 2023 ж. – 402, 2024 ж. – 402, 2025 ж. – 490 б.) көрсеткіштермен және осы көрсеткішке жету мақсатындағы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Кездесу соңында ата-аналар мен оқушыларды толғандырған сауалдарға жауап берді.
https://sh3-uralsk.edu.kz/kz/khaly-araly-zertteuler.html#sigFreeIdd8c850fb2e
PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жұмысы қыркүйек айынан басталды. Мектептің және пән мұғалімдерінің дайындық жоспары жасақталып, бекітілді. 8-10 сынып оқушыларының тізімі нақтыланып, 2020 жылы сәуір айында 15 жас 2 ай мен 16 жас 2 ай толатын 64 оқушы анықталды. Дегенмен, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыс 8-10 сынып оқушыларының барлығымен жүргізілді. Пән мұғалімдері күнделікті сабақ жоспарларына оқу сауаттылығы, жараттылыстанусауаттылығы мен математикалық сауаттылықты арттыруға бағытталған жас ерекшелігіне сай тапсырмаларды енгізіп, сабақ барысында талдап жұмыстануда. 1 қазаннан бастап Онлайн мектеп платформасының Bilim Center бөлігіне 8-10 сынып оқушыларына арналған бөлігінде сабақ кестесі нақты қойылды. Оқушылар мен пән мұғалімдері жоспарға сай платформада жұмыс жасап, тапсырмаларды орындауда.
https://sh3-uralsk.edu.kz/kz/khaly-araly-zertteuler.html#sigFreeId80360b2f12
Мектебімізде «PISA – 2022 халықаралық зерттеуіне» дайындық жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Зерттеуге 15 жастағы 64 оқушы қатысқалы отыр. Математика, жаратылыстану, химия, биология, физика, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері өз пәндері бойынша дайындық жұмыстарына белсене кірісіп кетті. Сонымен қатар психолог мамандарымыз оқушылармен және мұғалімдермен дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырып, халықаралық зерттеуге дайындық кезеңінде кездескен қиындықтар мен кедергілерден шығудың жолдарын көрсетті.
https://sh3-uralsk.edu.kz/kz/khaly-araly-zertteuler.html#sigFreeId444a2b9ac4
Мектеп әкімшілігі 15 жастағы оқушылардың ата - аналарымен мектептің жұмыс жоспарына сай онлайн кездесулер, оқыту семинарларын өткізіп отырады. 2022 жылдың 3 ақпаны күні 8-10 сынып ата-аналарына балаларының халықаралық зерттеуге қатысып, мектепте алған білімдерін келешек өмірде қалай қолдана алатындықтарын, өздерінің функционалдық сауаттылықтарының қандай деңгейде екенін көрсететіндерін түсіндірді. Ата – аналардың өз балаларын қолдап, білімдерін одан әрі шыңдай түсуге көмек беруге шақырды.
https://sh3-uralsk.edu.kz/kz/khaly-araly-zertteuler.html#sigFreeIde47b861ae5